
Ұзартылған күн тобының негізгі мақсаты – оқушылардың сабақтан кейінгі уақытын тиімді ұйымдастыру, білімдерін толықтыру және үй тапсырмаларын орындауға бағыт беру. Негізгі сабақтар біткен соң ұазртылған күн тобы басталады. Арасында түскі-асқа да уақыт беріледі.
Жұмыс барысында оқушылармен бірге өткен тақырыптар қайталанып, қосымша тапсырмалар арқылы білімдері бекітіледі. Әр оқушының оқу деңгейіне қарай жеке жұмыстар жүргізіліп, түсінбеген тақырыптарына қосымша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Оқу жылдамдығы тексеріліп, оқушылардың білім деңгейін арттыруға арналған жұмыстар жүргізледі. Сонымен қатар оқушылар үй тапсырмаларын орындап, мұғалім тарапынан қажетті көмек алады.
Мектебіміздің ұзартылған күн тобында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі логикалық тапсырмалар, дамытушы ойындар мен шығармашылық жұмыстар өткізіледі. Топтағы жұмыс барысында оқушылардың тәртіп сақтауына, бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және өздігінен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Үзіліс уақыттарында шахмат, дойбы және басқа да ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізеді. Кітап бұрышындағы қызықты кітаптарды оқып, білімдерін толықтырады. Оқушылар таза ауада серуендеп, далада қозғалмалы ойындар ойнайды. Бұл олардың денсаулығын нығайтып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Түскі ас уақытында бәрі бірге ас ішіп, демалып, мәдениеттілік пен тазалық сақтауға дағдыланады. Мектебіміздің ұзартылған күн тобы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуына, білімдерін жетілдіруіне және жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік береді.


Мектебімізде өткізілетін жұмыстар арқылы оқушылардың тәртіп сақтау дағдысы, жауапкершілігі, ұйымшылдығы және өздігінен жұмыс істеу қабілеті қалыптасады. Сонымен қатар, шығармашылық қабілеттері дамып, достық қарым-қатынас пен сыйластыққа тәрбиеленеді. Танымдық, тәрбиелік және спорттық шаралар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Мектебіміздің ұзартылған күн тобының негізгі мақсаты – оқушылардың сабақтан кейінгі уақытын тиімді ұйымдастыру, білімдерін толықтыру және үй тапсырмаларын орындауға бағыт беру. Негізгі сабақтар біткен соң ұзартылған күн тобы басталады. Арасында түскі-асқа да уақыт беріледі.
Жұмыс барысында оқушылармен бірге өткен тақырыптар қайталанып, қосымша тапсырмалар арқылы білімдері бекітіледі. Әр оқушының оқу деңгейіне қарай жеке жұмыстар жүргізіліп, түсінбеген тақырыптарына түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Оқу жылдамдығы тексеріліп, оқушылардың білім деңгейін арттыруға арналған жұмыстар жүргізіледі. Ұзартылған күн тобында оқушылар үй тапсырмаларын орындап, мұғалім тарапынан қажетті көмек алады.